Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
2025–2026 оқу жылының «Алтын белгі» иегерін марапаттау
18
июнь
2026
2025–2026 оқу жылының «Алтын белгі» иегерін марапаттау
2025–2026 оқу жылының «Алтын белгі» иегері – Халев Рамазан. 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміздің түлегі Халев Рамазан «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері атанды. Бұл – оқушының табандылығы мен білімге деген ұмтылысының, сондай-ақ ұстаздар мен ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Мектебіміз Халев Рамазанды осы зор жетістігімен шын жүректен құттықтайды! Алдағы білім жолында жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!
"Қош бол, қызықты лагерь!"
12
июнь
2026
"Қош бол, қызықты лагерь!"
Жазғы  лагерьдің жабылу салтанатында оқушылар флешмоб билеп, лагерь әнұранын орындады. Гала-концерт ұйымдастырылып, естелік фотосессия өткізілді. Балалар бір-біріне жүрекжарды тілектерін жазып, лагерьмен әсерлі қоштасты. Іс-шара жазғы лагерьдің жарқын қорытындысы ретінде көтеріңкі көңіл күйде аяқталды.
Жазғы лагерь 2026 жыл
10
июнь
2026
Жазғы лагерь 2026 жыл
«Болашақ – жастардың қолында» тақырыбындағы іс-шара барысында оқушылар жылы қабылданып, болашақ мамандықтарымен таныстырылды. Балалар IT, робототехника, эко-урбанистика сияқты заманауи мамандықтар туралы мәлімет алып, робототехника кабинетіне саяхат жасады. Сонымен қатар «Менің арманым» тренингі өткізіліп, әр оқушы өз болашағына арнап хат жазып, оны «Болашақ капсуласына» салды. Іс-шара соңында командалық рухты нығайтуға бағытталған қимылды ойындар ұйымдастырылды.
"Салауатты өмір салтын қолдаймыз!"
08
июнь
2026
"Салауатты өмір салтын қолдаймыз!"
"Салауатты өмір салтын қолдаймыз!"   4-сыныптар арасында мектепішілік спорттық сайыс өтті. Оқушылар түрлі спорттық кезеңдерде бақ сынап, ұйымшылдық пен белсенділік көрсетті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтіп, жеңімпаздар марапатталды.