Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
июль
2026

"Әкем,анам және мен"

«Анам, әкем және мен» отбасылық сайысы

Мектебімізде отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Анам, әкем және мен» атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды.Іс-шара барысында отбасылар түрлі қызықты эстафеталар мен спорттық-танымдық тапсырмаларға қатысып, өздерінің ұйымшылдығын, ептілігін және бірлігін көрсетті. Балалар мен ата-аналар көтеріңкі көңіл күйде жарысқа қатысып, бір-біріне қолдау білдірді.

Сайыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластықты, жауапкершілікті және ынтымақтастықты арттыруға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, бала тәрбиесіндегі бірлескен жұмыстың маңызын айқындайды.

«Анам, әкем және мен» – берекелі отбасының, бақытты балалықтың жарқын көрінісі!