05
ноябрь
2025
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Күзде жалықпаймыз – кітап оқимыз!
📚 «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
2025 жылғы қараша айында Ғабиден Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың демалыс уақытын тиімді өткізу, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында өткізілді. Шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен таныстырып, қызықты сәттерімен бөлісті, пікір алмасты.
Атап айтқанда, 4-сынып оқушылары — Болатжан Омар, Оралбай Алинур және Мұхамеджан Зере бұл шараға ерекше белсенділікпен қатысып, оқыған кітаптарының мазмұнын түсінікті әрі әсерлі жеткізе білді. Олар оқыған шығармалардан үзінді оқып, өз ойларын ортаға салды.
Мұндай игі шаралар оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, олардың сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын, шығармашылық қабілетін дамытатыны сөзсіз.
«Күзде кітап оқыған бала — көктемде жемісін көреді» демекші, оқушылардың кітаппен дос болуы — жарқын болашаққа бастар жол!