Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2025

«Адал Азамат» бағдарламасы аясында оқушылар үшін мазмұнды демалыс

«Адал Азамат» бағдарламасы аясында оқушылар үшін мазмұнды демалыс  
  
2025 жылғы күзгі демалыс уақытында Ғабиден Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін тәрбиелік маңызы жоғары іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, мектептің демалыс жоспарына сәйкес, Қалалық орталық №14 кітапханамен бірлесіп өткізілді.  

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдалану, оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.  

Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері оқушыларға кітапхана жұмысымен таныстырып, қызықты деректер мен кітаптар туралы мәліметтер ұсынды. Сондай-ақ, адалдық, еңбексүйгіштік, азаматтық жауапкершілік тақырыптарында танымдық әңгімелер, сұрақ-жауап ойындары, кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Шараға белсене қатысқан оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кітапханаға жиі келіп тұруға ниетті екенін жеткізді.  

Іс-шараны ұйымдастырушы: мектеп кітапханашысы Дүйсебаева Гүлнар Серікқызы.  

Бұл кездесудің оқушылардың тұлғалық дамуына, кітапқа деген сүйіспеншілігі мен азаматтық көзқарасының қалыптасуына ықпалы зор болды.