Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ: «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК?»
08
декабрь
2025

БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ: «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК?»

БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ: «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК?»

2025 жылдың 8 желтоқсанында «Ғабиден Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін мектепте» 5–11 сынып оқушылары үшін «Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, елдегі маңызды саяси процестердің мән-маңызын түсіндіру және азаматтық белсенділікке тәрбиелеу болды. 

Сынып сағатында референдумның мәні, өткізілу тәртібі, оның Қазақстан тарихындағы рөлі туралы мәліметтер берілді. Сондай-ақ оқушыларға Ата Заңға енгізілетін өзгерістер, азаматтық ұстанымның маңызы, сайлау мен дауыс берудің айырмашылығы туралы түсінік ұсынылды.

Іс-шара барысында видеоматериалдар көрсетіліп, талқылау жүргізіліп, оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. Сынып жетекшілері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай мазмұнды ақпараттармен бөлісті.

Осындай танымдық тәрбие сағаттары өскелең ұрпақтың ел болашағына бей-жай қарамайтын, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.