03
ноябрь
2025
«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»
«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» құндылығы аясында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған сынып сағаттары өтті
2025 жылдың 3 қарашасы күні мектебімізде Қазақстанның көрнекті ғалымы, ағартушы, этнограф, саяхатшы және қоғам қайраткері Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай оқушылар арасында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Іс-шара «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» атты жалпыұлттық құндылықтар негізінде өтті. Мақсаты – оқушыларға ұлттың ұлы тұлғасы Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен еңбектерін таныта отырып, адалдық, еңбекқорлық және елге қызмет ету сынды асыл қасиеттерді дарыту.
Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен өткен тәрбие сағаттарында оқушылар Шоқанның балалық шағы, білімге деген құштарлығы, Орта Азияға жасаған саяхаттары, ғылыми еңбектері туралы тың мағлұматтармен танысты. Әсіресе, оның әділдікті ту еткен азаматтық ұстанымы мен адал еңбегі оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Сабақ барысында деректі бейнежазбалар көрсетіліп, интерактивті сұрақ-жауаптар, танымдық ойындар мен пікірталастар ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары өз ойларымен бөлісіп, Шоқандай тұлғалардан үлгі алу керектігін атап өтті.
Бұл іс-шара оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді, адалдық пен әділеттілікке деген сенімді қалыптастыруға үлкен әсер етті. Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағаттары – жас ұрпақтың жүрегінде рухани тәрбие дәнін сепкен игі бастама болды.