09
декабрь
2025
"Жас Қыран", "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау
«Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел мұраты»
Мектепте Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
2025 жылдың 16 желтоқсаны – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ғабиден Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін мектепте» ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – оқушыларға еліміздің егемендікке жету жолындағы күрделі кезеңдерді таныстыра отырып, патриоттық сезім қалыптастыру, ұлттық рухты ояту, болашаққа деген сенімді арттыру.
Салтанатты жиын аясында 1 және 5 сынып оқушыларын «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Балалар салтанатты түрде ант беріп, еліміздің адал азаматы болуға, білімге, еңбекке ұмтылуға және ұйым ережелерін құрметтеуге уәде етті. Оларға арнайы галстуктер мен төсбелгілер табысталды.
Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, оқушылар көркем сөз оқып, ұлттық би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл күн – ата-бабамыздың арманы болған азаттықтың ақ таңын бейбіт елде қарсы алып отырған ұрпақ үшін үлкен тағылым. Мектеп ұжымы мен оқушылар ұлт Тәуелсіздігінің қадірін ұғына отырып, ел болашағына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін көрсетті.