28
июль
2026
Жаңа оқу жылының оқу жоспарын бекіту
28.07.2026 жылы «Ғ.Мұстафин атындағы
№191 ЖББМ» КММ-де мектеп ұжымының қатысуымен әкімшілік кеңес өтті. Кеңестің негізгі мақсаты – 2026–2027 оқу жылына дайындық жұмыстарын пысықтау және алдағы міндеттерді айқындау.Кеңес барысында жаңа оқу жылын ұйымдастыру, оқу кабинеттерінің дайындығы, санитарлық талаптардың сақталуы, оқу-тәрбие жұмысының жоспарлары, педагогтердің жүктемесі, қауіпсіздік шаралары және мектепішілік құжаттамаларды әзірлеу мәселелері қарастырылды.
Мектеп әкімшілігі педагогтерге нақты тапсырмалар беріп, жаңа оқу жылын сапалы ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ұжым алдағы оқу жылында бірлесе жұмыс атқарып, білім сапасын арттыру бағытында өзара пікір алмасты.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қорытынды жасалып, алдағы жұмыстардың жоспары бекітілді.
№191 ЖББМ» КММ-де мектеп ұжымының қатысуымен әкімшілік кеңес өтті. Кеңестің негізгі мақсаты – 2026–2027 оқу жылына дайындық жұмыстарын пысықтау және алдағы міндеттерді айқындау.Кеңес барысында жаңа оқу жылын ұйымдастыру, оқу кабинеттерінің дайындығы, санитарлық талаптардың сақталуы, оқу-тәрбие жұмысының жоспарлары, педагогтердің жүктемесі, қауіпсіздік шаралары және мектепішілік құжаттамаларды әзірлеу мәселелері қарастырылды.Мектеп әкімшілігі педагогтерге нақты тапсырмалар беріп, жаңа оқу жылын сапалы ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ұжым алдағы оқу жылында бірлесе жұмыс атқарып, білім сапасын арттыру бағытында өзара пікір алмасты.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қорытынды жасалып, алдағы жұмыстардың жоспары бекітілді.