Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ғ.Мұстафин атындағы №191 ЖББМ» КММ -нің ата – аналарға арналған жиналысы өтті
01
февраль
2019

«Ғ.Мұстафин атындағы №191 ЖББМ» КММ -нің ата – аналарға арналған жиналысы өтті

17 ақпанда мектепте төмендегі күн тәртібі бойынша ата - аналар жиналысы өткізілді.
1. 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдықтағы оқушылардың оқу үлгерімі туралы.
2. Отбасының бала тәрбиесіндегі алатын орны.
3. Әр түрлі өзекті мәселелер.
Жиналысқа оқушылардың 175 ата - анасы қатысты. Жиналысты ашып берді. Өз сөзінде мектеп директоры А. С. Нұрғалиева жиналыстың мақсаты және қаралатын мәселелер жөнінде ақпарат берді.
1- сұрақ бойынша директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Г. Сенгербаева 2018-2019 оқу жылының 1 жартыжылдығындағы оқушылардың оқу үлгерімі мен үлгерім сапасы туралы мәлімет берді. Мониторг арқылы оқушылардың үлгерім көрсеткішінде, әр сыныптың 1-2 - тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығы туралы айтып өтті. Жоғарыда берген мәлімет бойынша ата – аналар өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
2- сұрақ бойынша директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары К. Искаков «Отбасының бала тәрбиесіндегі атаын оны» туралы баяндамасын оқыды. Сондай – ақ, баяндама барысында бала алдындағы ата – аналдардың міндеті туралы және баланы тәриелеу жолында отбасында кететін қателіктер жөнінде педагогикалық кеңестер ұсынды. Баяндама соңында балалардың жас ерекшеліктеріне орай әрекет ететін ата – аналарға арналған психологиялық кеңес туралы бейнеролик көрсетілді.
3 сұрақ бойынша оқушылардың мектептің ішкі тәртібі жөнінде /мектеп формасы, шаш үлгісі, тазалығы, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым – қатынас, балалардың жолдағы, өрт қауіпсіздігі/ және мектептен тыс жұмыстар мен құқық бұзушылық туралы айтылды. Ата – аналар тарапынан ұсынылған пікірлер тындалып, мектеппен байланысты күшейтуге ұсыныстарын білдірді Жиналыс соңында 3-4 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру мақсатында жүйелі жұмыстардың жүргізілуін, оқушылар тәрбиесінде сынып жетекшілердің ата – аналармен байланысын күшейтуге және оқушылардың мектептің ішкі, мектептен тыс тәртібін сақтау мақсатында қосымша жандандыру жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне қаулы етті. Алдағы уақытта қолға алынған жандандыру жұмыстары оң нәтижесін береді деген сенімдеміз.