Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2019

Онлайн түрде өткен ата - аналарға арналған жиналыс

«Ғабиден Мұстафин атындағы №191 ЖББМ» КММ – нің онлайн тәртібінде 1-5 сынып оқушыларының ата – аналардың қатысуымен жиналыс өтті
29 қаңтар, сағат 17:00 - де мектептің лингофон кабинетінде онлайн тәртібінде Алматы қаласының прокуратурасы, полиция Департаментінің жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен өткен жиналысқа 1-5 сыныптардың 24 ата - анасы және 12 мұғалім қатысты. Жиналыста ата – аналар көптеген жергілікті құзырлы органдардың пікірлерін тыңдап, қажетті мәліметтерін алып, өзара ой бөлісті. Жиналыс соңында ата – аналар алған ақпараттары бойынша көрсетілген бейнероликтерді, жасөспірімдер арасында жиі орын алатын қылмыстылықты талқылап, алдын алу шараларына дербес жұмыс жүргізетіндерін айтып өтті. Жиналған ата – аналарға мектеп директоры қылмыстылықтың алдын алу шараларына ата – аналарды кеңінен тарту керектігін айтып, миналысты қорытындылады.