Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен OFFLAINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясына орай ұйымдастырылған апталық туралы ақпарат
01
февраль
2019

«Мен OFFLAINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясына орай ұйымдастырылған апталық туралы ақпарат

«Ғабиден Мұстафин атындағы №191 ЖББМ» КММ-нің Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLAINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясына орай ұйымдастырылған іс – шаралар туралы ақпарат
Мектеп директорының бекітуімен Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLAINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясына орай апталық жоспары құрылып, төмендегідей жұмыстар ұйымдастырылды.
21 қаңтар күні 5-6 сыныптар арасында «Интернеттіз салауатты күндерім» атты пионербол сайысынан турнир өткізілді. Сайысқа 5-6 сыныптардан құралған 4 команда қатысты. Пионерболдың қыры мен әдіс – тәсілдерін жақсы меңгерген 6 «а» сыныбы І орынды иеленсе, 5 «б» сыныбы ІІ орын, ІІІ орынды 6 «б» және 5 «а» сыныптың командалары бөлісті. Сайыс өте тартысты өтті.
22 қаңтарда 1-11 сыныптар қамтылған «Сіз ғаламтор желісін жиі қолданасың ба?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттары пікірталас түрде өтіп, коучинктер ұйымдастырылды. Сынып сағаты соңында әр оқушылар осы тақырып төңірегіндегі берілген сұрақтарға сауалнамалар толтырды.

22 қаңтар 5-9 сыныптар арасында сурет пәнінің мұғалімі А. Барманбекованың ұйымдастыруымен «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» атты 5-8 сынып арасында суретшілер көрмесі ұйымдастырылды. Жас суретшілер өз қол өнерлерінен шыққан туындыларын бастауыш сыныптарға тарту етті.
24-25 қаңтар аралығында «Мен оффлайн» тақырыбында 5-7, 8-11 арасында эссе байқауы өткізілді. Эссе жазу байқауына әр сыныптан 5 оқушы қатысты. Өз ойын жеткізе, дәлелдеме келтіре отырып жазған үздік орындаушылар мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.
25 қаңтарда мектеп мұғалімі Н. Бектасованың ұйымдастыруымен «Сенің өміріңе интернет желісі маңызды ма?» тақырыбында 9-10 сыныптар арасында пікірталас өткізілді. 9 сынып « Гугл» және 10 сынып «Яндекс» командалары болып бөлінген топтар ғаламтордың пайдасы мен зияндағы жөнінде айтысты. Қатысушы командалар жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті. Үздік спикерге лайық деп 9 «а» сыныбының оқушысы Акимбек Али, 10 «а» сыныбының Аубакиров Диас анықталса, үздік сарапшылар 9 «а» сыныбының оқушысы Ақылова Манура мен 10 «а» сыныбының оқушысы Ахмеджанова Әсел оза шықты. Үздік спикер мен сарашылылар номинациялармен марапатталды.
21-26 қаңтар аралығы «Менің кітіпханадағы күндерім» атты әдеби кітаптар оқу апталғы болды. Апталық барысында әр оқушы өзінің қалаған әдеби кітаптарын оқыды. Әдеби кітаптар оқуына 250 оқушыдан аса оқырман қамтылды.
25 қаңтарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Интернеттіз салауатты күндерім» атты 3-4 сынып арасында көңілді сөре жарысын ұйымдастырды. Көңілді сөре жарысында командалар 4 этаптан өтіп, өзерінің физикалық дайындықтарын көрсетті. Өз уақытында және ережеге сай қатысқан 4 «а» сыныбы І орынды, ал ІІ орын 3 «б» сыныбы, ІІІ орын 4 «б», 3 «а» сыныптарына бұйырды.
Қорыта келе айтпағымыз, - интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен қара кешке дейін заманауи техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екені баршамызға аян. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп - біліп, ал зиянынан сақтанғанымыз дұрыс. «Асыл тастан, өнер жастан» – демекші,қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді ұрпақ интернеттен қажетті ақпаратын алып, Қазақстанға өз үлесін қоса береді деген сенемдеміз!