Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2018

Жолда жүру ережесін білу - міндет!

2018-2019 оқу жылында оқушылардың жол-көлік салдарынан жарақаттанудың алдын алу бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Жолда жүру ережесі айлығының мақсаты - оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, көшеде дұрыс жүруге, жол белгілерін жатқа білуге үйрену және жолда көлік апаттарынан сақтандыру мен оқушылар өмірінің қауіпсіздігін сақтау болып табылады. Айлық барысында 1-4, 5-8 сынып оқушыларының «Мектептен үйге баратын жол» сызбасы сызылған. ЖЖЕ айлығының жоспарына сәйкес ашық сынып сағаттары өткізілді. Қыркүйек айында «Жол ережесін білу – бәріне міндет» және «Абайлаңыз, балалар» деген тақырыпта жолда жүру ережесін, жол белгілерін толық үйрету мақсатында айлық тәрбие жұмыстары өткізілді. Оған бүкіл сынып жетекшісі тәрбие жетекшілері қатысып, оқушыларды жолда жүру ережесін мұқият сақтауға, еңбек ете білуге, Отанын сүйіп қорғай білуге тәрбиелеуде қауіпсіздік бұрыштарын, қозғалыс ережелері бойынша ертеңгіліктер, тақырыптық кештер, ойындар, жарыстар өткізілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан, «Ең алғашқы медициналық көмек беру» жөнінде мектеп медбикесі балаларға өз кеңестерін баяндады. 1-4 сынып оқушыларымен «ЖЖЕ білесің бе?» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері театрлық қойылым көрсетті.
Қазан айында «Жолда жүру ережесі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында жолда жүру ережесімен сынып жетекшілер таныстырып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Қараша айында «СМАЙЛ» театрының «Қауіпсіз мектеп автобусы» тақырыбы бойынша 1-8 сынып оқушыларына театрлық қойылымы ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушыларға жолдағы қауіпсіздік туралы жауапкершілікті арттыру.

Жолда жүру ережесін білу - міндет!
Жолда жүру ережесін білу - міндет!
Жолда жүру ережесін білу - міндет!
Жолда жүру ережесін білу - міндет!
Жолда жүру ережесін білу - міндет!

Похожие публикации:

22 сентябрь 2016 Оқушылар ережесі