04
сентябрь
2025
Мектеп тарихы
«Ғабиден Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін» КММ тарихы 1926 жылдан басталды. Ол кезде мектеп Верхие – Хуторский деп аталған және төрт сыныптық болды. 1931 жылы бесжылдық мектеп болды. Осы жылдары мектепте А.С.Аитронов басшылық етті. 1947 жылы жаңа ғимарат салынып, Е.Б.Першакова мектеп директоры болып тағайындалды. 1961 жылы мектеп сегіз жылдық атауына ие болып, оған атақты ақын, публицист Н.А.Некрасовтың аты берілді. Оқушылар саны 300-ге дейін өсіп, педегогикалық ұжым саны екі есе артты. 1963 жылы Е.В.Горлачева мектеп директоры болып тағайындалды. 1976 жылы Т.П.Берестова (Т.П.Михалек) мектеп директоры болды. 1991 жылы алғашқы қазақ сыныбы ашылды.1993 жылы сегіз жылдық мектеп толық орта мектеп атағын алды. 1980-1990 жылдары мектепте ардагер ұстаздар М.Ф.Камушко, З.И.Колесникова, Т.П.Михалек, Т.П.Сафронова, Г.Б.Мусеркенова, Л.Б.Садыкова қызмет етті. 1991 жылы мектептің 70 жылдығы аталып өтті. Қазақстан Республикасының №360 қаулысымен 1996 жылы 26 сәуір күні Н.А.Некрасов атындағы мектепте қазақтың жазушысы Ғабиден Мұстафиннің есімі беріліп, «Ғабиден Мұстафин атындағы орта мектебі» болып өзгертілді. 2001 жылдың 19 қаңтарында мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді. Оған мектеп директоры Р.С.Нурбаева басшылық етті. 2006 жылы ақпан айынан бастап мектеп директоры болып М.О.Осимова жетекшілік етті. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп директоры Қ.Ш.Ахманбетов басшылық етті. 2017 - 2025 жылдар аралығында мектепке А.С.Нұрғалиева басшылық қызметте болды. 2025-2026 оқу жылынан бастап мектеп директоры қызметіне Отепбекова Бакытнур Маденовна тағайындалды.
Қазіргі таңда мектепте білім алушы оқушылар 1132 болса, 70 мұғалім қызмет етеді. Ұжымда жұмысқа қабілетті, шығармашыл ұстаздар жұмыс жасайды. Мектеп оқушылары қалалық, облыстық, халықаралық дәрежедегі байқауларға, олимпиадаларға қатысып, жүлдегер атанып келеді. Оқушылардың мектеп өміріне етене араласуы күннен күнге артып, оң нәтижелерін көрсетуде.Мектеп шығармашылық жұмыспен тұрақты түрде айналысып, жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді.