Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ноябрь
2025

15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні

15 қараша – Ұлттық валюта күні!  
 Теңге – Тәуелсіздіктің экономикалық символы  

15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні. Бұл күн еліміздің экономикалық тарихында ерекше орын алады. 1993 жылы дәл осы күні елімізде теңге айналымға енгізіліп, Тәуелсіз Қазақстанның қаржы жүйесінің негізі қаланды.  

Осы атаулы күнге орай Ғабиден Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін мектебінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп парламентінің белсенді оқушылары «Ұлттық валюта – Теңге» тақырыбында танымдық викторина өткізіп, 5–9 сынып оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыруға өз үлестерін қосты.  

Іс-шара барысында теңгенің шығу тарихы, алғашқы банкноттар, ұлттық валютаның дизайны мен даму жолдары жайында қызықты сұрақтар қойылып, оқушылар өз білімдерін сынға салды. Балалар тек сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, жаңа мәліметтермен де танысты.  

Викторина соңында белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, алғыс білдірілді.  

Мектеп ұжымы мен оқушылар Ұлттық валюта күні туралы мағлұмат алып қана қоймай, елдің экономикалық тәуелсіздігінің негізі саналатын теңгеге деген құрметтерін білдірді.  

Теңге — ел Тәуелсіздігінің жарқын көрінісі, ұлттық мақтанышымыз!

Похожие публикации:

02 октябрь 2025 "Дублер күні"
04 сентябрь 2025 Мектеп тарихы