Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2025

25 қазан - Республика күні

Бүгін Ғабиден Мұстафин атындағы №191 мектепте Қазақстан Республикасының күніне арналған рухты іс-шара өтті! 🇰🇿 Бұл мереке – тәуелсіздік пен бірліктің нышаны.

Іс-шара Мемлекеттік Гимнмен ашылып, оқушылар өлең оқып, хор орындап, ұлттық би биледі. 🌟 Домбырамен әсерлі күй шертіліп, көрермендер ерекше әсерге бөленді.

Сондай-ақ, оқушылар презентациялар ұсынып, «Егемендік декларациясының қабылдануы» сахналық көрінісін көрсетті. Соңында патриоттық ән шырқалды.

Мереке оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухын көтерді! 🩵💛
Іс-шараны 10 “А”, 10 “Б”, 10 “В” сынып оқушылары, сынып жетекшілері мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Курбанова А.М. ұйымдастырды. 👏

———

В школе имени Габидена Мустафина №191 прошло мероприятие, посвящённое Дню Республики Казахстан! 🇰🇿 Этот праздник символизирует независимость и единство страны.

Ученики исполнили Гимн, прочитали стихи, выступили с хором и с казахским танцем. 🌟 Прозвучал трогательный кюй на домбре, наполнивший зал национальным духом.

Ребята подготовили презентации и сценку о принятии Декларации о суверенитете, завершив всё патриотической песней.

Мероприятие наполнило всех гордостью и вдохновением! 🩵💛
Оно было организовано учениками и классными руководителями 10 “А”, 10 “Б”, 10 “В” классов и заместителем директора по воспитательной работе Курбановой А.М. 👏

[media=https://www.instagram.com/reel/DQErtuijIDP/?igsh=MWZkZG15endkYm0ybw==]