Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 191 ЖББМ бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген іс-шаралар
24
октябрь
2021

№ 191 ЖББМ бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген іс-шаралар

 











№ 191 ЖББМ бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары жасалды.

Мектепте «Сенім телефоны» жұмыс істейді. Барлық сынып оқушыларынынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» анонимді сауалнамалар алынып, қорытындысы шығарылды.

2021 жылдың 21-22 қыркүйек күндері білім беру ұйымында 9-11 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында іс-шаралар өткізу ұйымдастырылды. 21 қыркүйекте 10-11 сынып оқушыларына «Заң және біз» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста тәрбие ісі орынбасары жоғары сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – маңызды іс» тақырыбында баяндама оқыды.

Сынып жетекшілер Аманжол М. 9 сынып оқушыларына «Жемқорлық –қоғам дерті», «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында видеороликтер көрсетіп, сыбайлас жемқорлық туралы оқушы пікірлері тыңдалды.

10 А сыныбында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» тақырыбында сынып сағатын Жакупбеков М. өткізді. Оқушыларды топқа бөліп, парақорлық тақырыбында видеороликтер көрсетіліп, оқушы ойларын постер қорғау арқылы жүргізілді.

Сондықтан оқушыларға сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу, ашық, үздіксіз, әрі әділетті түрде жүргізілетінін сонда ғана алға қойған мақсаттарға қол жеткізе алатынымыз түсіндірілді.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталып жүргізіліп жатқан ортақ саясаттың маңыздылығы және сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелері бойынша жоғары сынып оқушылары арасында түсіндіру , сұрақ-жауап сағаттары ұйымдастырылды.

8 А сыныбында Ә.Молдабаеваның ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» , 7 А сыныбында Г.Кайрекенованың ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» ашық сынып сағаттарын өткізді.

Мектептің «Адал ұрпақ» клубы мектеп бітіруші түлектерге арнап шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Мақсаты мектеп бітіруші түлектердің бойынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нағайту, адалдыққа тәрбиелеу.

 

 

Дайындаған:                 Молдабаева Ә.Ғ.