01
июнь
2026
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мектебімізде жазғы лагерь өз жұмысын бастады
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мектебімізде жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Лагерьдің ашылуына байланысты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Кеше лагерьде концерт өтіп, балалар өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар қызықты шоу-бағдарлама ұсынылып, түрлі сұрақ-жауап ойындары өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Лагерь күн сайын таңғы сағат 09:00-ден түскі сағат 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Балалар лагерьде уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізіп, түрлі мәдени-танымдық және спорттық шараларға қатысады.
Лагерь күн сайын таңғы сағат 09:00-ден түскі сағат 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Балалар лагерьде уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізіп, түрлі мәдени-танымдық және спорттық шараларға қатысады.