Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
май
2026

7 Мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара

https://www.instagram.com/reel/DX_qPz8tc1f/?igsh=MTd1aHk1NzNrM2tkZw==

7 Мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара

№191 мектеп қабырғасында 7 Мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар өз өнерлері мен патриоттық рухтарын көрсетті.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті дәріптейтін әсерлі көріністер қойды. Көрермендер көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсерге бөленді.
Сонымен қатар 5, 9, 10 және 11-сынып оқушылары арасында саптық жүріс бойынша жарыс өтті. Оқушылар әскери тәртіп пен ұйымшылдықты, жауапкершілік пен шапшаңдықты жоғары деңгейде көрсетті. Әр сынып саптық дайындықтарын таныстырып, үздіктер анықталды.
Бұл мерекелік іс-шара жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеудің жарқын үлгісі болды.
Мектеп ұжымы барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреді!