07
май
2026
7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні
7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні
7 Мамыр — ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігін қорғап жүрген ер азаматтарға құрмет көрсететін ерекше мереке. Бұл күн — батылдық пен ерліктің, отансүйгіштік пен жауапкершіліктің мерекесі.№191 мектеп ұжымы барша азаматтарды, ардагерлерді, ұстаздар мен ата-аналарды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғау жолында еңбек етіп жүрген жандарға зор алғыс білдіреміз. Сіздердің ерік-жігерлеріңіз бен қажырлы қызметтеріңіз — жас ұрпаққа үлкен үлгі.
Осы мерекеде әр шаңыраққа амандық, мол бақыт, береке мен бейбіт өмір тілейміз! Еліміз тыныш, көгіміз әрдайым ашық болсын!
Отанды қорғау — әр азаматтың қасиетті парызы!
https://www.instagram.com/reel/DYCpy8CM7ws/?igsh=dWw0bm5tcGV3Yjc2