11
май
2026
9 Мамыр — Жеңіс күні
9 Мамыр — Жеңіс күні
9 Мамыр — ерлік пен батырлықтың, елге деген шексіз сүйіспеншіліктің символына айналған ұлы мереке. Бұл күн — Отан үшін от кешкен ардагерлерімізге тағзым етіп, олардың жанқиярлық ерлігін ұрпақ жадында мәңгі сақтау күні.№191 мектеп ұжымы барша ардагерлерді, ұстаздарды, ата-аналар мен оқушыларды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!
Біз бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін күрескен батырларымыздың алдында әрқашан қарыздармыз. Олардың ерлігі — жас ұрпаққа үлгі, ел тарихындағы мәңгілік тағылым.
Осынау мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен бақ-береке тілейміз! Еліміз тыныш, көгіміз ашық болсын!
Ерлік ешқашан ұмытылмайды!https://www.instagram.com/reel/DX_qPz8tc1f/?igsh=MTd1aHk1NzNrM2tkZw==