08
июнь
2026
"Салауатты өмір салтын қолдаймыз!"
4-сынып оқушылары арасында мектепішілік спорттық сайыс өтті
Мектебімізде 4-сынып оқушылары арасында мектепішілік спорттық сайыс ұйымдастырылды. Жарыс барысында оқушылар өздерінің ептілігін, жылдамдығын және командалық бірлігін көрсетті. Сайыс достық пен салауатты өмір салтын насихаттап, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, жоғары көңіл күй сыйлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
