2025–2026 оқу жылының «Алтын белгі» иегерін марапаттау
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша "Ғ. Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің
түлегі Халев Рамазан оқу озаты ретінде мемлекеттік «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды.
«Алтын белгі» – оқушының мектеп қабырғасындағы білімге деген құштарлығының, үздік үлгерімінің, еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Рамазан оқу жылдары бойы барлық пәндерді үздік меңгеріп, білім мен тәрбие саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Өзінің табандылығы, ізденімпаздығы және белсенділігі арқылы мектеп өміріне белсене араласып, ұстаздары мен сыныптастарына үлгі бола білді.
Бұл жетістік – шәкірттің тынымсыз еңбегінің ғана емес, білім берген ұстаздарының кәсіби еңбегі мен ата-анасының қолдауының нәтижесі.
Мектебіміздің ұжымы Халев Рамазанды осы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтайды! Жарқын болашақ, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз. Еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де білікті азамат болуына сенім білдіреміз.
Рамазанның жетістігі – мектебіміздің мақтанышы!