Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
декабрь
2025

Ағылшын тілінде өткен дебат турнирі – білім мен ойдың сайысы

Ағылшын тілінде өткен дебат турнирі – білім мен ойдың сайысы

 «Ғабиден Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін мектепте» ағылшын тілі пәні мұғалімдері мен мектеп парламентінің ұйымдастыруымен дебат турнирі өткізілді.  

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілетін арттыру, логикалық және сыни ойлауын дамыту, өз көзқарасын дәлелдеп қорғау дағдысын қалыптастыру болды.  

Турнирге 8–11 сынып оқушылары белсене қатысып, өзекті тақырыптарда пікірталас жүргізді. Әр топ ағылшын тілінде ойын нақты әрі сенімді жеткізіп, тың идеялар мен мысалдар келтірді. Жарыс барысында оқушылардың жоғары дайындық деңгейі, тіл байлығы, дәлел келтіру шеберлігі мен ұжымдық жұмыс дағдылары айқын көрінді.  

Іс-шара көрермендердің қызығушылығын тудырып, белсенді қолдау тапты. Турнир соңында барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс айтылып, үздік спикерлер мен командалар марапатталды.

Бұл турнир – ағылшын тілін үйренудің жаңа серпіні мен ынталандырушысы болды.