01
декабрь
2025
Гуманитарлық пәндер онкүндігі
Гуманитарлық пәндер онкүндігі басталды!
«Ғабиден Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін мектепте» 2025 жылдың 1–11 желтоқсан аралығында гуманитарлық пәндер онкүндігі бастау алды.
Онкүндікке орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих пәндері бірлесе атсалысып, түрлі танымдық, шығармашылық бағыттағы іс-шаралар жоспарланған. Бұл іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, тілдік және тарихи білімін кеңейтуге, тұлғалық дамуын жетілдіруге бағытталған.
Онкүндік аясында зияткерлік ойындар, ашық сабақтар, көрмелер, сайыстар, дөңгелек үстелдер мен сахналық қойылымдар өткізілмек.
Мақсаты – оқушылардың гуманитарлық білімге деген қызығушылығын арттырып, елге, тілге, тарихқа деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Онкүндіктің қызықты да мазмұнды өтуіне пән мұғалімдері мен оқушылар белсенді қатысып, үлкен қызығушылықпен өз жұмыстарын бастап кетті.
Онкүндік әлі алда — қызықты сәттер мен жарқын іс-шаралар күтіп тұр!