"Салауатты өмір салтын қолдаймыз!"
"Салауатты өмір салтын қолдаймыз!" 4-сыныптар арасында мектепішілік спорттық сайыс өтті. Оқушылар түрлі спорттық кезеңдерде бақ сынап, ұйымшылдық пен белсенділік көрсетті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтіп, жеңімпаздар марапатталды.