"Қош бол, қызықты лагерь!"
Жазғы лагерьдің жабылу салтанатында оқушылар флешмоб билеп, лагерь әнұранын орындады. Гала-концерт ұйымдастырылып, естелік фотосессия өткізілді. Балалар бір-біріне жүрекжарды тілектерін жазып, лагерьмен әсерлі қоштасты. Іс-шара жазғы лагерьдің жарқын қорытындысы ретінде көтеріңкі көңіл күйде аяқталды.