"Әкем,анам және мен"
«Анам, әкем және мен» отбасылық сайысында ата-аналар мен оқушылар спорттық және танымдық жарыстарға қатысып, ұйымшылдық пен белсенділік танытты. Іс-шара отбасы құндылықтарын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталды.