23
январь
2026
Ою-өрнектарді оқушыларға таныстыру
Ою-өрнек – ұлт қазынасы
Мектебімізде оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерін таныстыру мақсатында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ою-өрнектердің шығу тарихымен, мағынасы мен түрлерімен танысты. Әрбір оюдың өзіндік мәні бар екені, олардың халқымыздың дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтіні түсіндірілді.
Оқушыларға «қошқар мүйіз», «түйе табан», «ирек», «сыңар мүйіз» сияқты кең тараған ою-өрнектер көрсетіліп, олардың нені білдіретіні айтылды. Сонымен қатар балалар өз қолдарымен ою-өрнек салып, шығармашылық қабілеттерін дамытты.
Бұл сабақ оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, ата-баба мұрасына деген құрметін қалыптастырды. Ою-өрнек арқылы оқушылар халқымыздың бай мәдениетімен тереңірек танысты.