Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2026

"Менің сүйікті мамандығым" байқауы

«Менің сүйікті мамандығым» байқауы

Мектебімізде оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында «Менің сүйікті мамандығым» атты байқау ұйымдастырылды.

Байқау барысында оқушылар өздері таңдаған мамандықтары туралы ойларын еркін жеткізіп, сурет салу, көрініс көрсету, өлең оқу арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр қатысушы мамандықтың қоғамдағы маңызы мен жауапкершілігін түсініп, өз армандарымен бөлісті.

Шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, болашаққа нақты мақсат қоюына ықпал етті. «Менің сүйікті мамандығым» байқауы жас ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың армандарына қанат бітірген мазмұнды іс-шара болды.