Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2026

«Еңбегі адал – жас өрен»

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында
оқушылар арасында «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылады.

Көрменің мақсаты – оқушылардың еңбекке деген құрметін арттыру, болашақ мамандыққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрмеге 5–6–7 сынып оқушылары қатысады.
Оқушылар өздері таңдаған мамандықты А3 форматта сурет арқылы бейнелеп, өз жұмыстарын қорғайды, қиялы мен көзқарасын таныстырады.

Көрме мектеп фойесінде өтеді.
Суреттерді орналастыру үшін мектеп фойесіне мольберттер қойылады.

Көрме қорытындысы бойынша үздік жұмыстар іріктеліп,
I, II, III орындармен марапатталады.

Сынып жетекшілерінен оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуді сұраймыз.
Барлықтарыңызды атсалысуға шақырамыз!