Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2021

Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы

7 «А» сынып АТА-АНАЛАРымен өткізілген 2020-2021 оқу жылының  қорытынды жиналысы

           Бүгін 22 мамыр күні Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізудің тұжырымдамасы негізінде Алматы қаласы, Бостандық ауданы №191 жалпы білім беретін мектепте 7 «А» сынып ата-аналарына арналған жылдық қорытынды онлайн-кездесу өтті.

Онлайн-кездесудің негізгі мақсаты: ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету.

Онлайн-кездесудің күн тәртібі негізінде мектебіміздің директоры А.С. Нургалиева ашып берді. Күн тәртібінде 3 мәселе қарастырылды:

  1. IV тоқсан және жыл қорытындысы
  2. Өмірлік қауіпсіздік ережелері
  3. Әр түрлі мәселелер

 7 «А» сынып жетекшісі Молдабаева Ә.Ғ. оқушылардың 4-тоқсандағы оқу үлгерімі мен тәртібіне тоқталып жыл бойғы қорытындыны айтып өтті. Сонымен қатар, әр оқушының болмысы мен жетістігіне жеке тоқталды. Сыныптың пән мұғалімдері оқушылардың қашықтықтан оқыту кезіндегі сабаққа қатысулары мен пәнді иегеруіне байланысты өз ойларын білдірді. Сапалы білім-балалардың болашығының негізгі қаруы.

 «Жазғы мектеп» бағдарламасынының мақсаты мен міндеттеріне, ерекшелігіне тоқталып, ата-аналарға түсінік берілді.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері ескертілді. Нақтырақ айтқанда: пандемия уақытындағы, судағы, табиғаттағы,  өрт кезіндегі т.б. Жиналыстан соң ережелер толық көрсетілген үлестірме материалдары ұсынылды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі: әр түрлі сұрақтар болатын. Ата-аналар мектеп директоры А.С.Нургалиеваға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісіп, тілектерін білдірді.

Ата-аналар жиналысына мектеп әкімшілігі, Алматы қаласы Бостандық ауданы Білім бөлімінің әдіскері Тасмаганбетова Бейнегуль Кунтуовна, пән мұғалімдері, сонымен қатар 15 жуық ата-ана қатысты. 

Онлайн-кездесу нәтижелі, жемісті өтті.

 

          

 №191 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөнідегі орынбасары