Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
март
2021

«ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНАЛАР ҮНІ»

 

























«ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНАЛАР ҮНІ»

Бүгін 27 наурыз күні Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Алматы қаласы, Бостандық ауданы №191 жалпы білім беретін мектепте 10 «А» сынып ата-аналарына арналған «Директорлық сенбі-ата-аналар үні» атты онлайн-кездесу өтті.

Онлайн-кездесудің негізгі мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кезіндегі ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің, құқық бұзушылықтардың алдын-алу және білім алушылардың қорытынды аттестаттау ережелерімен таныстыру, қашықтықтан оқыту кезіндегі балаға көрсетілетін психологиялық көмектер тізімі жайлы қарастырылды.

Онлайн-кездесудің күн тәртібі негізінде мектебіміздің тәрбие ісі орынбасары Ә.Ғ.Молдабаева  жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кезіндегі ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және «Ел жастары» бағдарламасы бойынша тәрбие жұмыстарының қалай өткізіліп жатқандығына түсінік беріп өтті.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша, мектептің психологы Р.М.Кекилбаеваның қашықтықтан оқыту кезіндегі психологиялық көмек жайлы ата-аналарға біршама кеңестер беріп, білімнің сапалы болуына ережелер айтып кетті.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі: әр түрлі сұрақтар болатын. Сынып жетекшісі Бижанова Набира Мубараковна оқушылардың үлгерімі, тәртібі тура айтып, әр оқушының болмысы мен жетістігіне жеке тоқталды. Сыныптың пән мұғалімдері оқушылардың қашықтықтан оқыту кезіндегі сабаққа қатысулары мен пәнді иегеруне байланысты өз ойларын білдірді. Сапалы білім-балалардың болашығының негізгі қаруы.

Сенбілік онлайн-кездесуге мектеп әкімшілігі, Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының»  әдіскері Петрова Лариса Борисовна, жоғары сыныптардың сынып жетекшілері, сонымен қатар 15 жуық ата-ана қатысты. 

Онлайн-кездесу нәтижелі өтті.