Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
май
2020

1 мамыр-Бірлік күні

1 мамыр-Бірлік күні

Бірлік күніне байланысты мектептің барлық сыныптарында қашықтықтан сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу;Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Біздің елде жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе еңбек етіп келеді.Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.

Сынып жетекшілерінің дайындаған түрлі презентациялар мен видеоматериалдар арқылы балалардың бұл күнге деген қызығушылығы мен құрметі арта түсті. Бұрын білмеген мәліметтеріне қанық болып, ұстаздарына кері байланыс берді. Өздерінің дайындаған видеороликтерін жіберіп, пікірлері мен ойларын ашып айтты. Бастауыш сынып оқушылары суреттер салып, тақпақтар жолдады.