Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2020

"Тіл  мерейі,  ел  мерейі"

Тәрбие  сағатының  тақырыбы:  «Тіл  мерейі,  ел  мерейі»


Ана тілі - адамның жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі халық тарихының барлық кезеңдерін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін асыл қазына.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім 


Сынып сағатының мақсаты:  Жас  ұрпақты  ана  тілінің  қадір - қасиетін  түсіне  білуге шақыру.  Олардың  халқына  деген,  тіліне  деген  махаббатын  арттыру. 

Жылдағы дәстүр бойынша мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері тілдер мерекесін онлайн форматта өткізді. Барлық сынып атсалысып, өнерлерін ортаға салды.