Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұқағали Мақатаветің туған күніне арналған мектепішілік байқау ұйымдастырылды
08
февраль
2019

Мұқағали Мақатаветің туған күніне арналған мектепішілік байқау ұйымдастырылды

«Жырлайды жүрек-сырлы әлем» атты
М.Мақатаевтың туғанына 88 жыл толуына орай Мұқағали оқуларынан байқау өтті

Өлмеу үшін – құлқынды жемдеу үшін,
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін
«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» деп, азулы ақынның өзі жырлағандай, 8 ақпанда М. Мақатаевтің туған күніне орай мектепішілік Мұқағали оқуларынан байқау өтті. Негізгі мақсатымыз Абайдан көп нәрсе үйреніп, сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап, өзі қазақ поэзиясында Абай салған соны соқпақ жолда әдеби ұлттық дәстүрді одан әрі жалғастыру жолында Абайға көбірек үңілген, «Ғасыр ақыны» атанған М.Мақатаевтың өлең туындыларын кейінгі ұрпаққа насихаттап, оқушылар бойындағы шығармашылықты дамыту. Байқау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа 1-4 сынып, 5-7 сыныптар және 8-10 сынаптарға бөлінді.Оқушылар қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен, Хантәңірдей асқақ тұлғамыз М. Мақатаев өлеңдерінен сыр шертті. Оқушылар ақын жырларын мәнеріне келтіре орындады. Ақынның шығармаларын жүрекке жеткізіп, үздік орындаушы бастауыш буындардан 4 сынып оқушысы М. Рүстембек және 2 сынып оқушысы И. Досаев І орын, ІІ орынды 3 сынып оқушысы Е. Ораз, 4 сынып оқушысы А. Мұратхан, ІІІ орынды О. Серік иеленді. Бас жүлдені 7 сынып оқушысы Е. Рүстемовке берілді.Арқалы ақынның сөзіне жазылған «Есіне мені алғайсын», «Арулар асыл жандар», «Ақ мамам», «Бақыт деген балалық шағым», «Фариза» сынды әндері сахна төрінде орындалды.