Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2019

Мектепішілік қысқы ойындардан сайыс өтті

Қысқы ойындардан мектепішілік «Ақша қар - 2019» сайысы ұйымдастырылды
«Дені сау адам, табиғаттың ең бір құнды туындысы» деп - Т. Карлэйль айтқандай, 2 ақпанда оқушылардың салауатты өмір салтын ұстану және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында 5-6 сыныптар арасында қысқы ойындардан мектепішілік «Ақша қар - 2019» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Жарыстың шанамен сүйреу кезеңі оқушылар үшін үлкен тартыспен өтті. Сайыстың қорытындасы бойынша еселеп ұпай жинаған 6 «б» сыныбының командасы І орынды иеленсе, тең ұпай иеленген 5 «б», 6 «а» сыныбы ІІ орынды бөлісіп, 5 «а» сыныбы ІІІ орынға аяқ тіреді. Қатысушы командаларға мектеп директорының дипломы мен алғас хаттары табысталды. Балалардың денсаулығы - ел мүддесі. Олай болса,мектепте ұйымдастырылатын осындай игі шаралар жалғасын таба бермек.