Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
май
2019

"Сыңғырла, сырлы қоңырау" салтанатты жиыны

«Ғ.Мұстафин атындағы №191 ЖББМ» КММ-де 2018-2019 оқу жылының аяқталуына орай өткен «Сыңғырла, сырлы қоңырау!» атты салтанатты жиын

Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар күн – ол соңғы қоңырау. Сонымен бірге, 11 жыл бойы тәлім – тәрбие берген ұстаздар мен ата - аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты сәт. Осыған орай, бүгін 25 мамырда мектеп ауласында «Сыңғырла, сырлы қоңырау!» атты салтанатты жиын болып өтті. Жиынға мектеп оқушылары мен ұстаздар түгел қатысты. Салтанатты іс – шарада мектеп директоры А.С. Нургалиева оқу озаттары, олимпиада және түрлі сайыстардың жеңімпаздарын марапаттады. Бітіруші түлектер «Мектеп вальсін» билеп, қошатасу әндерін орындап, ұстаздарға жүрек жарды тілектерін айтты. Атаулы мереке өз дәрежесінде болып өтті.