Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2026

Әже даналығы

«Әже даналығы» – ұрпаққа өнеге

Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Әже даналығы» атты тағылымды мектепішілік іс-шара өтті. Бұл шараға мектеп оқушыларының әжелері арнайы шақырылып, өмірден алған мол тәжірибелерімен, ақыл-кеңестерімен және жүрекке жылы даналық сөздерімен бөлісті.

Іс-шара барысында әжелеріміз адамгершілік, тәрбие, сыйластық, еңбекқорлық туралы ой қозғап, жас ұрпаққа үлгі боларлық әңгімелер айтты. Ал оқушылар өз кезегінде ән айтып, би билеп, өлең оқып, ұлттық өнерді дәріптеп, әжелерге деген құрметтерін көрсетті.

Бұл тағылымды кездесу үлкен мен кішінің арасындағы рухани байланысты нығайтып, оқушылардың бойына ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті арттырды. «Әже даналығы» – ұрпақ санасына ізгілік пен мейірім дәнін сепкен мәнді шара болды.