Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2025

«Заң үстемдігі – берекелі қоғамның негізі» дөңгелек үстелі

04.12.2025 күні «Ғабиден Мұстафин атындағы №191 ЖББ» мектебі КММ-де Бостандық ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге арналған «Заң үстемдігі – берекелі қоғамның негізі» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Жаббарұлы Аралбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Жұмабекқызы Қасымбек, ювеналды полицияның басшысы Мейрамгүл Серікқызы Тамшибаева, қалалық психологиялық қолдау орталығының өкілі Әсем Серікқызы Бірімқұлова, «Алматы қаласы Отбасын қолдау орталығының» директоры Ақмолжан Закирұлы Зарипов, сондай-ақ мектептер мен колледждердің басшылары қатысты.

Тәрбиелік жұмыстар әдіскері Сәуле Айбекқызы мектептерде «Адал азамат» бағдарламасын енгізу барысы туралы баяндама жасады. «Самғау» балалар шығармашылығы орталығының директоры Ермек Бақытбекұлы Ербошаев та өз тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуде қатысушылар кәмелетке толмағандар үшін сапалы, қауіпсіз және қолжетімді бос уақытты ұйымдастырудың маңызын ерекше атап өтті. Қауіпсіз орта, спорттық секциялар, шығармашылық үйірмелер мен мазмұнды демалыс орындарының аздығы – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа әсер ететін негізгі факторлардың бірі екені айтылды. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру олардың қызығушылықтарын дамытуға, зиянды ортадан алшақ болуына және эмоциялық-әлеуметтік тұрақтылығына ықпал етеді.

Дөңгелек үстел өте мазмұнды өтті: өзара пікір алмасу, маңызды мәселелерді талқылау, ведомствоаралық жұмысты күшейту және балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.