Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2026

Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шара барысында қазақ халқының бай салт-дәстүрлері насихатталып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. 

Іс-шарада қыз ұзату, беташар, тұсау кесер секілді ұлттық дәстүрлер сахналанып көрсетілді. Әр көрініс ұлттық құндылықтарымыздың терең мағынасын ашып, оқушылар мен ата-аналарға ерекше әсер қалдырды. 

Мереке барысында мұғалімдер әсем ән шырқап, оқушылар мың бұрала би билеп, өнерлерін ортаға салды. Әсем безендірілген көрме, ұлттық киімдер мен ақ дастархан мерекенің сәнін келтірді. 

Наурыз – береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың мерекесі. Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, салт-дәстүрге деген құрметін арттыра түседі.