18
март
2026
Наурыз құтты болсын
Наурыз – жаңару мен бірліктің, ізгілік пен берекенің мерекесі. Бұл күндері айнала ерекше сәнге бөленіп, адамдар бір-біріне ақ тілек айтып, жаңа бастамаларға қадам жасайды. Біздің мектепте де Ұлыстың ұлы күні ерекше атап өтілді.
Мерекеге орай бастауыш сынып мұғалімдері мектеп ішін ұлттық нақышта безендіріп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттады. Оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түрлі көріністер ұйымдастырылып, дәстүрлі әдет-ғұрыптар сахналанды. Қазақтың қонақжайлығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты асыл қасиеттер айқын көрініс тапты.
Сонымен қатар, мерекелік шара барысында ұлттық ойындар ойнатылып, ән мен күй шырқалды. Оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұл күн баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.
Атап айтқанда, осы Наурыз мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне ерекше үлес қосып, барлық ұйымдастыру жұмыстарына жауапты болған Сасанова Арайлым Алтайқызына алғысымыз шексіз. Оның еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында мереке өз дәрежесінде өтті.
Осындай игі шаралар жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелейді. Наурыз мерекесі баршаға құт-береке, молшылық пен қуаныш әкелсін!