Қарты бар ел-қазыналы ел
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Осы мақсатта мектебімізде қарттар күніне арналған арнаулы бір айлық іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар барысында сынып жетекшілер оқушыларға қарттарды сыйлау қажеттігін, оларға көмек көрсету парыз екендігін барынша түсіндірді.
Бастауыш сынып оқушыларымен ашық сабақтар, Zoom бағдарламасымен қызықты видеороликтер көрсетіп, өз ойларын тыңдаса, жоғары сыныптар арасында «Қазақсатанға қарттар үй керек пе жоқ па?» тақырыбында пікірсайыстар өткізілді. Балалар өз ата-апалары туралы, олардың өмір тарихы туралы сыр шертті.














