28
май
2026
Қазақ тілі пәнінен емтихан
Қазақ тілі пәнінен емтихан басталды
26–29 мамыр аралығында мектебімізде 5–11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәні бойынша емтихандар өткізілуде. Емтихан жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, барлық оқушыларға тең мүмкіндік жасалды.
Емтихан барысында академиялық адалдық қағидалары сақталып, бағалау жұмыстары әділ түрде жүргізілді. Оқушылар өз білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетіп, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауда.
Қазақ тілі пәнінен емтихандар 26 мамырда басталып, 29 мамырға дейін жалғасады. Барлық оқушыларға емтихандарды сәтті тапсырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізулерін тілейміз! 📚✨