Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сентябрь
2025

Отепбекова Бакытнур Маденовна

Мен, Отепбекова Бакытнур Маденовна 1969 жылы 10 тамызда Туркестан облысы , Ордабасы ауданы, Төрткөл елді мекенінде ұстаздар отбасында өмірге келдім.

1995 жылы Алматы қаласы Қыздар педагогикалық институтын «тарих және құқық пәнінің мұғалімі » мамандығы бойынша аяқтадым.

Педагогикалық еңбек өтілімі – 28 жыл.

Білімі мен қызмет жолы туралы мәлімет деректері бойынша: 

 1995 жылдан бастап Алматы қаласында педагогикалық еңбек  жолымды  бастадым. 

1996-2000 жылдардың аралығында Бостандық ауданына қарасты № 275 балабақшада мектеп алдындағы даярлық топта тәрбиеші болып жұмыс жасадым.

2000-2002 жылдар аралығында Алматы қалалық ғылыми-әдістемелік орталығында «Дарынды балалармен жұмыс жасау бөлімінде» әдіскер болдым.

2002-2008 оқу жылдарында  №140 мектеп-гиназияда тарих пәнінің мұғалімі және дарынды балалармен жұмыс атқардым.

2009-2013 жылдары Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты №148 мектеп –гимназияда директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

2013-2014 оқу жылдары Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты №110 мектеп –гимназияда директордың міндетін атқардым.

2014-2016 оқу жылдарында Жетісу адандық білім бөлімінде оқу тәрбие ісі бойынша әдіскерлік қызмет атқардым;

2017-2018 оқу жылдарында Алматы қаласы, №24 лицейде директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым;

2019-2023 оқу жылының  қаңтар айынан бастап  Жетісу ауданына қарасты №2 ЖББ мектеп директоры қызметін атқардым;

2023-2024 оқу жылы Наурызбай ауданына қарасты № 192 жалпы білім беретін мектеп басшысы;

2025-2026 оқу жылында "Ғабиден Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін мектеп" директоры.