Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауғанстан демократиялық республикасынан Совет Әскери Күшінің шыққанына 30 жыл толуына орай мектепішілік іс – шаралар ұйымдастырылды
19
февраль
2019

Ауғанстан демократиялық республикасынан Совет Әскери Күшінің шыққанына 30 жыл толуына орай мектепішілік іс – шаралар ұйымдастырылды

Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында мектептің акт залында «Есіл кеткен ерендер...» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу шарасы ұйымдастырылды. Іс – шараға ауған соғыс ардагерлері Важитов Раухат және Ж. Қ. Зейнуллаұлы қатысты. Кездесу кешінің барысында ардагерлер сол кездегі саясат туралы, бастарынан өткен оқиғалары және өздері болған ротаның тапсырмалары туралы баяндап берді.Сонымен бірге, кеш барысында 10-11 сынып оқушылары автоматты жинап – шашудан төменгі сынып оқушыларына өз улгі - тәжірибелерін көрсетті. Сондай – ақ, оқушылар акт залында «Ауған асқан азаматтар» тақырыбында ауған соғысында опат болған жауынгерлер суреті мен ерліктері туралы жазылған кітаптар көрмесі тамашалап, ағалар ерліктерімен танысты. Кеш соңы патриоттық әнге жалғасты.