Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
май
2020

Ерлік-мәңгі ұмытылмайды!

Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы Ең алдымен Жеңіс – біздің жалпы тарихымыз. Қар жастанып, мұз төсенген отты жылдарда, сыз окоптарда шыңдалған жауынгерлік достықтың, әр ұлт өкілдерінен құралған әскери құрамдардың қайталанбас ерлігі мен өрлігінің белгісі. Кешегі аға ұрпақтың жанын да, қанын да аямай, елім деп, жерім деп кеудесін оққа төсеген, қабырғасы қатпаған жетімдер мен желегі желкілдеп қалған жесірлердің еңіреп жүріп, «бәрі де майдан үшін!» деп тылда аянбай тер төккен патриоттық рухының биік көрінісі. Сондықтан да оған ешкім де бей-жай қарай алмайды.
Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсеткен ардагерлер қашанда құрметке лайық. Осы мақсатта Бостандық аудан "Нұр Отан" партиясы және 191 ЖББМ ұжымы ауданымызда тұратын тыл ардагері Степанова Зинаида Даниловнаға Жеңіс медалі мен азық-түліктер табыстап қайттық. Ел үшін еткен еңбек, ешқашан ұмытылмайды

 

Похожие публикации: