29
октябрь
2025
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы шеңберінде мектеп ұжымы тазалық күнін өткізді. "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы шеңберінде мектебіміздің ұжымы мен оқушылары тазалық күніне белсене атсалысты. Іс-шараның басты мақсаты — табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Акция аясында мектеп ауласын, айналаны қоқыстан тазарту, жасыл желектерді күтіп-баптау, арнайы қалдықтарды жинау секілді жұмыстар атқарылды.
Ұстаздар аумақты қоқыстан тазартып, экологиялық мәдениетті арттыруға өз үлестерін қосты. Бұл күн тек еңбекке баулып қана қоймай, табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеді.
«Таза орта – сау ұрпақтың кепілі» демекші, әр адам қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапты екенін түсінуі керек. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады! 🌱🌍