Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2025

«Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»

 📚 «Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» атты қалалық байқаудың аудандық кезеңі сәтті өтті! 

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған бұл сайыс – тек білім мен тәжірибе емес, жүрекпен сезініп, бала жанына жол таба білетін нағыз ұстаздарды анықтауға бағытталды. 

👩‍🏫 Байқау барысында мұғалімдер өздерінің кәсіби шеберлігін, жаңашылдығын, сабырлылығы мен шығармашылығын көрсете білді. 

🌟 Ұстаз – ұлттың болашағын тәрбиелеуші тұлға. Бұл байқау ұстаздық мамандықтың қаншалықты жауапты әрі абыройлы екенін тағы бір дәлелдеді. 
Байқауда мектебіміздің намысын қорғаған бастауыш сынып ұстазы Сасанова Арайлым Алтайқызы жүлделі ІІ орын алып, қалалық кезеңге жолдама алды.