Алматы қаласы Білім басқармасының
""Ғабиден Мұстафин атындағы
№191 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-77-34
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-77-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сентябрь
2025

Төлем карталарарын дұрыс пайдалану

23.09.2025 ж. "Ғабиден Мұстафин атындағы № 191 ЖББ мектебінде" ата-аналар, педагогикалық ұжым және оқушылармен төлем карталарын үшінші тұлғаларға берудің заңға қайшылығы және оның салдары жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді.  Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 232-1-бабында көзделген талаптар түсіндіріліп, "Дропперлік" әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні атап өтілді. Сонымен қатар, жастардың заңсыз қаржылық схемелерге тартылуының алдын алу мәселелері қарастырылды. 📍📍📍 Азаматтарға ескерту: банктік карталарды бөгде тұлғаларға беруге, оларды пайдалануына жол беруге болмайды. Бұл әрекеттер қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.