17
октябрь
2025
“Еңсесі биік - Егемен ел!”
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.
Республика күнін және МЕмлекеттік егемендік туралы декларациның 35 жылдығына орай “Ғабиден Мұстафин атындығы № 191 ЖББМ” тарих пәні мұғалімдері Ақжолтаева Аида Құмарқызы мен Рахматулла Нұрбек Алғашбекұлының ұйымдастыруымен “Еңсесі биік - Егемен ел!” тақырыбында дөңгелек үстел танымдық сабағы өткізілді.
нажмите на ссылку